«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп» КММ жанындағы шағын орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес 3-5 жас аралығындағы тәрбиеленушілер арасында балалардың спорттық эстафеталары өтті. Іс-шара өте мазмұнды өтті: командаларға доппен, арқанмен және ұлттық жарыс түріндегі ойындар ұсынылып, олар өздерінің спорттық дағдыларын көрсете алды.Тәрбиеленушілер жылдамдық, ептілік және командада жұмыс істеу қабілеттері бойынша жарысты.Спорттық жігер мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген құлшыныс балаларды соншалықты баурап алғансы сондай, олар айналасында болып жатқанды байқамады.










